Саясат
Болсонару Макронның кешірім сұрауын талап етуде
Бразилия мен Париж арасындағы диалог менмендікке ұласып кетті. Жаир Болсонару өзін «қорлағаны» үшін Франция президентінің кешірім сұрағанын талап етуде. Өйткені бұған дейін француз басшысы Эммануэль Макронның Болсонару қоршаған ортаны қорғау бойынша өтірік айтып отыр деген мәлімдемесі әсер етсе керек.
Болсонару француз әріптесі кешірім сұрағаннан кейін ғана шет елдік қаржылық көмекті қабылдау немесе қабылдамау туралы ойланатындығын атап өтті.
- Біз G-7 саммитінің арқасында ілгерілеушілікке қол жеткіздік, әсіресе, мен шақырған Чили президенті климаттың өзгеруіне қарсы күресте белсенділік танытуда. Біз Амазонға қатысты стратегияны әзірледік. Ормандары өртенген елдерге 20 миллион еуро көмек ретінде ұсындық. Ал олар тек Бразилияда ғана жанып жатқан жоқ, - деді Макрон.
Болсонару Францияның бірінші ханымының келбеті туралы әлеуметтік желілерде күлгенінен кейін екі елдің басшылары сөзге келіп қалды.
Пауло Коэльо француздардан кешірім сұрады.
- Бұл Бразилия үшін мұңлы сәт. Түннің өткені секілді осы жағдайдың да өтері анық. Бірақ бұл – қараңғылық, мен сіздерден кешірім сұраймын. Кешіріңіздер, мың мәрте кешірім сұраймын, - деп бразилия жазушысы бейнежазба жолдады.
Дүйсенбіде G7 саммитінде Эммануэль Макрон Биаррицте Бразилияның Каяпо халқының көшбасшысымен кездесті.
Раони Метуктире Амазон ормандарындағы өрт үшін Бразилия Президентіне жауапкершілік жүктеді, әлемдік қауымдастықты «ғаламшардың өкпесін» құтқаруға шақырды.