Саясат
Қарулы күштердің абырой түсіп кетті
Ритм Еуразий басылымының бүгін жариялаған «У президента Киргизии друзей за последний год точно не прибавилось» атты мақаласында қазіргі уақытта Қырғызстанда Атамбаевтың жақтастары бұрынғыдан да көбейіп кеткені әрі Атамбаевты берілуге көндірген экс-вице-министр Құрсан Асановтың ұсталуы қырғыз билігі үшін қателік болғаны айтылады.
Одан бөлек, Атамбаевтың резиденциясына шабуыл жасап, оны ұстай алмаған Қырғызстанның арнайы жасақ жауынгерлерінің масқаралығы жайлы баяндалады.
- Қой-Тастағы үйге басып кіре алмаған қарулы күштердің абыройы айрандай төгілді. Тіпті, шетелдік БАҚ-тардан қарапайым азаматтардың қолына тұтқынға түсіп, қаруынан айырылып қалған жауынгерлерді әжуалап күлгендер көп болды, - деп жазады басылым.
Мақала авторының ойынша, елді шарпып кетудің аз-ақ алдында қалған төңкерістің бетін қайтара білген Құрбан Асановтың қырғыз қарулы күштерінің аз да болса, абыройын алға сүйреуге рөлі басым болғанын атап өтеді. Алайда оның да қызметтен қуылып, қылмыстық іске тартылуы қарулы күштердің мәртебесін мүлдем түсіріп жіберді.
- Асанов Атамбаевты көндіре алған жалғыз адам болды. Егер Асанов Атамбаевты берілуге көндіре алмаса, онда елде төңкеріс басталып кетуі мүмкін еді. Қоғам Асановтың бұл әрекетін жоғары бағалап, оны қаһарманға теңеді. Кейбір саясаткерлер оның осы абыройлы ісі оны министр болуға не парламенттен орын алуға сүбелі үлес қосады деп жорамалдады. Алайда Асановтың қызметтен қуылғаны жайлы хабар халықты есеңгіретіп тастады. Билік бұрынғы вице-министрді жауынгерлердің резиденцияны ала алмағанына кінәлі деп тауып, қарулы күштердің әлсіздігіне соны жауапты ете салды. Кейін, тіпті, Атамбаевтан пара алды деген де айып тағылды. Ал Асанов бұл айыптаулардың барылғын жоққа шығарып отыр, - деп жазады басылым.
Кімнің кім екенін алдағы тергеу амалдары анықтай жатар.
- Алайда саяси көзқарас тұрғысынан билік Асановты өзінің қатарына тартса, әлдеқайда пайдалы болар еді. Өйткені Қырғызстанның қарулы күштеріне деген халықтың сенімі төмендеп барады. Бұған бұрынғы қос прокурорға қатысты қылмыстық істерді ашылуы да себеп болуда. Ал осындай уақытта билік Асановты мақтап марапаттаса, өзіне саяси дивидент жинауға мүмкіндік алар еді. Өйткені Атамбаев Асановқа берілмесе, мүлдем бақылаудан шығып кетуі мүмкін еді, - деп сөзін түйіндейді басылым.