Weekend

Әлем мұсылмандарын біріктіретін құлшылық

Қажылық жайлы статистика

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүние жүзі мұсылмандары сағына күтетін қажылық маусымы да аяқталды. Төрткүл әлемнен жиналған мұсылмандар бесінші парыздарын өтеп, өз елдеріне қайтты.

Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігі Қазақстанға 3 200 орын бөлген. Қажыларымызға еліміздегі 18 қажылық фирмасы қызмет көрсеткен. 

520-дан астам адам қажылық барысында доктор Фәһд Ибн Суләйман Әттахифидің басшылығымен қажылыққа қатысты статистика жүргізген. Төмендегі мәліметтер осы ұйымның зерттеулерінен алынған: 

2019-жылғы қажылық жайлы статистика мәліметтері:

2.489.406 адам биыл қажылық парызын өтеген;

1.855.027 қажы мемлекетке сырттан келген;

1.385.234 еркек қажылық өтеген;

1.104.172 әйел қажылық өтеген;

117.731 қажы былтырғыдан артық келген

31884 қажы Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдерінен келген;

414750 қажы Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше емес араб елдерінен келген;

1126633 қажы араб елдерінен басқа Азия елдерінен келген;

187814 қажы араб елдерінен басқа Африка елдерінен келген;

67054 қажы Еуропа елдерінен келген;

26892 қажы Солтүстік және оңтүстік Америкадан және Австралия елдерінен келген;

1741568 қажы қасиетті мекенге ұшақпен келген;

96209 қажы қасиетті мекенге құрлық арқылы келген;

17250 қажы қасиетті мекенге теңіз арқылы келген;

634379 жергілікті тұрғындар қажылық өтеген. Оның ішінде 423376 адам Сауд арабиясы корольдігіне уақытша тұрақтағандар болса, 211003 таза саудиялықтар болған;

32978 көлік Меккеге келген саудиялық қажылардың тасымалына жұмылдырылған;

2,5 миллион адам қажылық парызын өтеген. Өткен жылы 2.37 миллион болған екен;

17 мыңнан аса қызметкер қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған;

1000-нан аса камера қажылық рәсімдері орындалатын жерлерге орналастырылған;

25 аурухана, 156 медициналық орталық, 30 908 қызметкер 3 бағыт бойынша қажылардың денсаулығын бақылаған;

38750 қызметкер 8 бағытта тасымал саласы бойынша қызмет еткен;

7098 қызметкер байланыс пен ақпарат саласында 4 бағытта жұмыс істеген;

9975 адам қарттарға көмек, жөн сілтеу, қажыларды байланыстыру, аударма, денсаулық және ақпарат бағыттарында ерікті қызмет еткен;

350 шамада кондиционерлі шатыр Мина жеріне орналастырылған;

5600-ден аса қонақ үй Мекке мен Мәдина қаласында қызмет көрсеткен. 2.7 миллион қажыға қызмет көрсетуге қауқары жетеді делінген;

400 тазалық техникасымен мыңдаған тазалық қызметкерлері Меккедегі «Әлхарам» мешітінің тазалығына жұмылдырылған;

Миллионнан аса құрбандық малы құрбан шалушыларға әзірленген;

Аллаһ Тағала қажылық парызын өтеген барша мұсылманның құлшылығын қабыл етсін!