Саясат
Оған қомақты қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр
Оған 1Malaysia Development Berhad (1MDB) мемлекеттік инвестиция қорынан 546 миллион АҚШ долларын жымқырды деген айып тағылды. Бірақ оған тағылған айып осымен бітпей отыр. Сот Разакқа жалпы төрт түрлі айып тағып отыр, бұдан бөлек, жымқырған осы ақшасын пайдалана отырып, 21 жерден ақша жымқырды деген күдік тағы бар. Мемлекеттік айыптаушылар Наджиб Разак 2011 жылдың 11 ақпанынан 2014 жылдың 19 желтоқсанына дейін AmIslamic Bank банкінің бөлімшесінде заңға қайшы әрекеттер жасады дегенді алға тартады. Егер 66 жастағы бұрынғы премьердің кінәсі дәлелденсе, 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.