Weekend

29 тамыз кинопремьералары

Супермен Ганнибалдың ізіне түседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Назарларыңызға жаздың соңғы аптасында шыққан жаңа фильмдерге шолуды ұсынамыз.

«Номис»(«Игра Ганнибала» / «Nomis») [18+]: Супермен рөлімен белгіліГенри Кавилл ойнаған детектив.

Сюжетте психикалық ауытқушылығы бар маньяктың ісін тергеген полицей туралы баяндалады.Детектив Маршалл қыздарды қамауда ұстап, өлтірді деп айыпталған Саймонды тұтқынға алады. Қылмыскер диссоциативтік өзгеріске шалдыққан: оның бойында бірнеше тұлға бар, солардың бірі - Ганнибал Лектер. Ол ұсталғаннан кейін де қылмыс жалғасады, алайда айғақтың бәрі қамаудағы Саймонға алып келеді.

«Тәуекелшіл» («Тачка на миллион» / «Driven») [18+]: Белгілі ДеЛориан көлігін құрастыру оқиғасын баяндайтын комедия элементтері бар драма. Басты рөлдерде - Джейсон Судейкис пен Ли Пейс.

Калифорния - саясат пен үлкен бизнес үйлесім тауып, танымалдар мен байлар жиналатын мекен. Джон ДеЛорион есімді тәуекелшіл конструктор әлемдегі ең мықты автомобиль құрастыруды армандайды.

«Жасырынбақ» («Я иду искать» / «Ready or Not») [18+]: «V/H/S» хоррорын түсірген режиссерлік тандем Мэттью Беттинелли мен Тайлер Джиллеттің жаңа туындысы.

Триллер жасырынбақ ойынның қанды нұсқасын ұсынады. Бір бойжеткен ауқатты, дәстүршіл отбасыға келіп болып түседі. Жаңа отбасымен таныстық өлімге әкелетін ойынға айналатынын ол білмеген еді.

«Бәріміз бірге бітіреміз» («Маленькие секреты большой компании» / «Nous finirons ensemble») [16+]: Бұл француз комедиясы 2010 жылғы«Les petits mouchoirs» картинасының жалғасы. Екі фильмді де белгілі актер Гийом Кане түсірді. Басты рөлдерде Франсуа Клюзе,Марион Котийяр, Жиль Леллуш, Лоран Лафиттсекілді француз киносының белгілі жұлдыздары ойнайды.

Сюжет бойынша көңілді компания досы Максқа сюрприз дайындап, мерейтойымен құттықтау үшін оның үйіне ескертусіз кіріп келеді. Сөйтсе Макстың көңіл көтеруге ниеті мүлдем жоқ болып шығады.

«Мата» («Маленькое красное платье» / «In Fabric») [18+]: Ұлыбританияда түсірілген үрейлі комедия. Басты рөлде - «Тақтар ойыны» сериалында Бриенна Тарт рөлімен белгілі актриса Гвендолин Кристи.

Фильм оқиғасы сатылымға шығарылған қызыл көйлек төңірегінде өрбиді. Көйлек өте әдемі еді, оны киіп көргеннің бәріне де жарасып кетеді. Алайда оның өз құны бар және оны кез келген адам өтей алмайды.

Сонымен қатар көше биіне арналған «Битва», жас шабандоздар туралы «Команда мечты» деген ресейлік картиналар шықты.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61