Саясат

Зеленскийдің 100 күндік қызметі: Қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Жаз бойы не істеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зеленскийдің президенттік постта отырып бір жазда істеген істері:

1) Парламентті таратты. Зеленский президенттікке ант берген күні-ақ парламентті таратып, бір айдан кейін кезектен тыс парламенттік сайлау өтетінін айтты.

2) Президент Әкімшілігін кеңсеге көшірді. Яғни, бұрынғы Президент әкімшілігінде істеп жүргендердің санын азайтып, басқа ғимаратқа көшірді. Ал ашық кеңседе 12 басшы мен 18 департаменттің өкілдері отырады.

3) Мемлекеттік шенеуніктердің жартысын қызметтен босатты. Украинада қыркүйектен бастап 5 министрлік пен 500-ге жуық мемқызметкер қысқартылатын болады.

4) Кеден қызметін бастан-аяқ тазалап, түзеп шықты. Кедендегі тауар айналымын автоматтандыруға, контробанданы азайту үшін сканерлік тексеру пунктілерін орналастыруға кірісті.

5) Донбасты татуластыруға тырысты. Донбастағы әскери қимылдардың кесірінен 4 әскери қызметкер қайтыс болған кезде, Зеленский Путинге телефон соғып, дереу арада бұл соғысты тоқтату қажеттігін айтты. Алайда Путин бұл сарбаздардың өлімі келіссөзге себеп бола алмайтынын жеткізді.

6) Тұтқындарды босату бойынша сәтті дипломатиялық келіссөздер жүргізді. Зеленский Ресеймен саяси тұтқындарды босату бойынша бейбіт келіссөзге қол жеткізіп, жақын арада тұтқындардың барлығын босататын болды.

7) Бірнеше мемлекетке іссапармен барып қайтты. Зеленский осы уақыттың ішінде Канада, Германия, Түркияға мемлекеттік іссапармен барып қайтты. Жақын арада АҚШ-қа баруды жоспарлап отыр.

8) 20 жылда тұңғыш рет Израиль мен Украинаның арасында байланыс орнатты. Зеленскийдің тегі еврей болғандықтан, Израильдің премьер-министр Украинаға шақыруға өз ататегін пайдаланып кетті. Екі ел басшыларының кездесуі сауда-саттықтың дамып, Украинаның Ресеймен татуласуына ықпал етуі мүмкін.

10) Украинаның Тәуелсіздік күніне әскери шеру өткізуден бас тартты.