Саясат
Қытай жеңілгенін мойындады ма?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚытайдың Сыртқы істер Министрі 27 тамыз сейсенбі күні жақыннан бері АҚШ пен Қытай арасында телефон арқылы сөйлескендері туралы ештеңе естімегенін тағы бір мәрте мәлімдеді әрі Вашингтон қазіргі әрекеттерін тоқтатып, келіссөздер жүргізуге жағдай жасайды деп үміттенетінін білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар порталы Reuters сайтына сілтеме жасап.
АҚШ Қаржы министрі Снуф Мнучин екі жақтың байланысқа шыққанын, бірақ Қытай жақпен сөйлесуден бас тартқанын айтқаннан кейін, Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Гың Шуаң баспасөз мәслихатында түсініктеме жасады.
АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбіде Қытаймен арадағы сауда-саттық туралы болжам жасап, өз саясатының арқасында Пекинге экономикалық қысым артып, Қытайда көптеген жұмыс орындарының жабылуына әкеледі деп сипаттаған болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61