Саясат

АҚШ Қытайға қарсы баж салығын күшейтуді ұйғарды

Қытай бұған не дейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ билігі Қытайдан АҚШ-қа экспортталатын бірқатар тауарларға кедендік баж салығы 10%-дан 15%-ға көтерілетінін ресми растады. Тиісті хабарлама 28 тамыз, сәрсенбі күні Роберт Лайтицердің сауда келіссөздері кезінде жарияланды.

ТАСС-тың хабарлауынша, шешім 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Жаңа баждар Қытайдан әкелінетін жалпы сомасы 300 миллиард долларлық тауарларға әсер етеді.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен 1 қазаннан бастап жалпы құны 250 миллиард доллар болатын Қытайдан келетін тауарлар мен өнімдерге 25% емес, 30% салық салынатын болады.

Өз кезегінде Қытай СІМ Вашингтонның қытайлық тауарларға баж салығы қосымша жоғарылаған жағдайда, Пекин кек қайтару шараларын қолданатынын мәлімдеді.

Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасындағы саудадағы қарама-қайшылық 2018 жылдың шілдесінен басталды. Содан кейін Вашингтон жылына 34 млрд доллар болатын 818 қытай тауарларының импортына 25% баж салығын енгізді, өз кезегінде, Пекин айла шараларды қолданды.

Мамыр айында Вашингтон Қытайдың белгілі бір келісімдерді толықтай орындамағаны үшін 200 миллиард доллар баж салығын қайтадан көтерді. Бұған жауап ретінде Пекин 1 маусымда жыл сайынғы жеткізілімі 60 миллиард долларды құрайтын АҚШ-тан тауарлар импортына баж салығын көтерді.

Трамптың айтуынша, баждарды енгізу тараптар «барлығына тиімді» мәміле жасалғанға дейін жалғасады.