Woman
Биік өкшелі туфли ыңғайсыз аяқ киім екендігі ешкімге құпия емес
Биік аяқ киіммен жүрудің зияндығына қарамастан, қай қыз болмасын, сымбатын арттыру үшін оны киюге әзір.
Алайда үйге жеткен соң, ауырсынуды басатын арнайы жаттығуларды орындап жүрсеңіз, биік өкшелі аяқ киімнен сізге келер қауіп азаяды.
Сонымен, биік өкшелі аяқ киім киюге қыздар неге құмар?
Сұңғақ болып көріну үшін
Әрине, бірінші кезекте, биік тақалы аяқ киімді өз бойын ұзын, сұңғақ етіп көрсету мақсатында таңдайды. Биік аяқ киім және онымен дұрыс үйлескен көйлек екеуінің арқасында, бірнеше келіге арық болып көріне аласыз.
Сенімділік сыйлайды
Әдетте, қыздар қауымы барлығын өзгеге ұнау үшін емес, өзін сенімді ұстау үшін таңдайды. Ал биік өкшелі аяқ киім - қыздардың өзін жақсы сезінуіне, өзіне деген сенімділіктің артуына себепкер.Басыңыз бен денеңізді тік ұстап, орташа жылдамдықпен, ұзын да емес, қысқа да емес қадаммен жүретін болсаңыз «сенімді ару» болып көріне аласыз.
Аяқты ұзартып көрсетеді
Биік тақалы аяқ киімдей аяқты басқа ештеңе ұзарта алмайды. Туфлидің барынша ашығын таңдаған жөн – бұл аяққа қосымша ұзындық сыйлайды. Таңдайтын туфлидің түсі дене түстес, қайық пішінді болып келгені дұрыс.
Нәзік етіп көрсетеді
Қыз баласын красовка, кеды секілді аяқ киімдермен көруге көз үйреніп кеткен болса да, нәзік, талдырмаш етіп көрсететін биік өкшелі аяқ киім екендігі рас. Қызға тән нәзік үлгіңізді жоғалтып алмас үшін, биік тақалы аяқ киімді өз гардеробыңызға қосыңыз.