Саясат

Путин Ердоғанға: Иә, оны сатып алуларыңа болады

Путин Ердоғанға Su-57 жойғыш ұшағының бесінші буынын көрсетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президент Владимир Путин Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанды қабылдап, оны MAKS 2019 әуе шоуында бесінші буын реактивімен таң қалдырды. Осыдан кейін Ердоған Ресейдің Su-57 жойғыш ұшағын сатып алу туралы шешімді іштей қабылдап қойған сияқты, деп хабарлайды RT.COM.

Екі ел басшысы Мәскеудің сырт жағындағы екі жылда бір өтетін әуе көрмесінің ашылу салтына қатыстқаннан кейін, Su-57-ні тексеріп, оның ұшқыш кабинесін қарап көрді. Соғыс ұшағының 5-ші буынының экспорттық нұсқасы көрмеде алғаш рет көрсетілді. Бірақ өндіріске жыл басында енгізілген болатын.

Ердоған ұшақтың ұшуға жарамдылығын білгісі келетінін айтып, Ресей президенті мұны растады. Содан кейін түрік басшысы оны сатып алуға бола ма деп сұрады. Путин оған «иә» деп жауап берді, содан кейін екеуі  бірдей күлді.

Олардың әңгімесі жеңіл ғана пікір алмасу болып көрінгенімен, іс жүзінде Түркия өзінің ескі әскери әуе базасын күшейту үшін жаңа серіктес іздеуде. Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың басында Вашингтон Ресейдің Түркияға S-400 әуе қорғаныс зымыран жүйесін жеткізуіне жауап ретінде Анкараны F-35 бағдарламасынан шығарып тастаған болатын. Америка Құрама Штаттары оның бесінші буын ұшақтарына тек S-400 қорғаныс жүйесі ғана әсер етуі мүмкін деген еді.

Анкара егер F-35-ті сатып алуына тыйым салынса, онда ол қазіргі заманғы ұшақтарды басқа жерден іздеу керек екенін бірнеше рет айтқан болатын. Бұл жөнінде Мәскеу егер олардың көңілінен шықса Анкарамен Su-57 келісімін жасауға дайын екенін мәлімдеді. Әуе шоуына қатысқаннан кейін екі лидер бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Мәслихат барысында Ердоған Түркияның Ресеймен әскери ынтымақтастықты жалғастыруға тырысатынын растады. Әрі оның ішінде соғыс ұшақтары да қамтылатынын атап өтті.

Осы айдың басында түрік БАҚ-тары түрік әскери күштері Ресейдің тағы бір Su-35 ұшағын сатып алудың болашығын бағалап жатқанын хабарлаған еді.