Саясат
Қыз тәрбиесі - ұлттың тәрбиесі
ХХІ ғасырға аяқ басқалы бері талай қуанышты да, қайғыны да көріп келе жатырмыз. Қиналыстармен қатар көптеген жауабын таптырмайтын шешімдермен де бетпе-бет кездестік, еңсеріп бәрін жеңдік. Қап дейтін тұсымыз әлі күнге дейін көп. Соңғы жылдары аруларымыз, қара көз қыздарымыз біраз ауыртпашылық жасауда.
Бел асып қыздарымыз Қытайға кетті. Аз да болса тоқтаттық, қолдан келгенді жасаудың арқасында. Жақында негрмен тұрмыс құрды. Ол да дұрысталар дедік. Әрине, бәрі өткінші нәрсе. Өзге ұлт өкіліне тұрмыс құрған қыз кетті. Ол енді қазақ азаматшасына жатпайды.
Бірақ та біздің ішімізде қыздарымыз қалды. Жүріс әдептеріне қарайтын болсақ өзгерістер басым. Жақсы жағынан емес екені айдан анық. Батыстың ұғымы кеңінен жайлап алғандығын байқауға болады. Ашық-шашық киіну, көйлекті қара санды жалтырата киюі үрдіске айналып келеді.
Бұл үрдіс болған нәрсе тоқтамайынша жетімдердің де азаяр түрі жоқ. Бабамыздан мынандай бір даналы сөзі еске оралады "тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді" деген. Ұғым осы күнгі қыздарға айтылған сияқты. Етектерін ашып жүрген де қапыда бала көтереді. Сосын келіп жігітті кінәлайды. Бірақ бұл жерде жігіттіңде, қыздыңда кінәсі жоқ секілді.
Кінә ата-анадан болуы бек мүмкін. Қызға қысқа кигізбесе әлде қайтер еді. Менікі әдеттегідей ескерту ғана ой топшылап жүзеге асыру сіздердің қолдарыңызда.