Саясат
1997 жылы Қытай билігіне оралғаннан бергі ең ауыр дағдарыс
Қытайдың аға дипломаты Ваң И Гонконгтың бизнес делегациясына қала басшылығына қолдау көрсетіп, зорлық-зомбылықты тоқтатуға атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Reuters ақпараттық сайты.
Одан бөлек, аға дипломаттың айтуынша, Гонконг Қытайға қосылғаннан бері алғаш рет осындай ең үлкен дағдарысқа тап болып отыр.
Үш айға созылған Гонконгтегі наразылық пен дүмпу әлі басылмай тұр. Қала жұртшылығы ерекше әкімшілік аймақтың Қытай құрлығына қарағанын, оның бақылауында болғанын қаламайды. Сондықтан Гонконг билігінің экстрадациялау туралы заңды қабылдауына жаппай қарсылық білдіріп жатыр.
25 тамыз, жексенбіде полиция үкіметке қарсы наразылық білдірушілерге су мылтықтары мен көзден жас ағызатын газ атқан. Кейінірек көшбасшы Лин Циалин биліктің барған сайын күшейетін, зорлық-зомбылықты күшпен басуға мәжбүр болатынын ескертті.
Алайда Ваң сейсенбі күні Бейжіңде Гонконг қайта бірігуден кейінгі ең күрделі қиындықтарға тап болғанына қарамастан, үкіметтің қолдауымен және Гонконг тұрғындарының бірлігі арқасында бұл мәселені жеңе алатынын айтты.
Қытай үкіметінің ресми веб-сайтының хабарламасына сәйкес, Ваң корпоративті топтар жастарға көмектесу арқылы қаланың экономикалық дамуына атсалысуда белсенді рөл атқаруы керек деді.