Саясат

Тоқаев Чжан Сяоны қабылдады: Қазақстан мен Қытай арасында қандай мәселе талқыланды

Президент Қытай Халық Республикасының елшісімен не туралы сөйлесті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында барлық мәселе бойынша ашық әрі сындарлы диалог орнағанын

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Сяоны қабылдады.

Елші Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен келешегі жөнінде өз ойын ортаға салды, сондай-ақ биыл қыркүйекте Қазақстан президентінің ҚХР-ға жасайтын алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық барысы туралы баяндады.

"Президенттің пікірінше, алдағы сапар – қазақ-қытай қатынастарындағы маңызды оқиға. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап екі ел арасында екі жақты ықпалдастық пен халықаралық күн тәртібіне қатысты барлық мәселе бойынша ашық әрі сындарлы диалог орнағанын айтты", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы осы дәстүрді жалғастыру керектігін атап өтті.

"Қазақстан ҚХР-мен жаңа технология, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.