Weekend

Өзге өңірдің жастарына да арендалық пәтерлер берілетін болды

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жобасына енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үйлер беріле бастамақ. Бұл тармақ 10 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылған, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жобасына енгізілді.

Бұл шара еңбек ұтқырлығын арттыруға ықпал етуі керек. Ол аймақтық кадрларға деген қажеттілікті ескере отырып жүзеге асырылады. Қанша пәтер, қандай қалаларда және қандай шарттармен берілетіні туралы құжатта көрсетілмеген.

Осындай бір пәтерді сатып алуға бюджеттен 5,6 млн теңге (бір шаршы метрі - 140 мың теңге) бөлінеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын 3 мыңға жуық пәтер жалға беріліп отырмақ. Оларға аталған қалалардың бірінде кемінде екі жыл тұрған, 29 жасқа толмаған, ҚР жұмыс істейтін азаматтары үміткер бола алады.

Қатысушылар олардың жұбайлары және кәмелетке толмаған балалары меншігінде жылжымайтын мүлік немесе соңғы екі жылда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй болмауы тиіс. Егер апаттық үйлерде тұратын және оған тиісті анықтаманы ұсына алатын болса, онда жобаға қатыса алатын болады. Сонымен қатар, төлем қабілеттілігін растаулары қажет.

Krisha.kz