Саясат

Ресей Түркияға сенсациялық ұсыныс жасады

Екі ел арасын жақындастыру үшін бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияның Haber 7 басылымы Ресей Түркияға сенсациялық ұсыныс жасады, деп хабарлайды.

«Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин Түркия президенті Режеп Еродғанмен және Ресей президенті Владимир Путинмен МАКС-2019 халықаралық аэроғарыш салонында өзара сөйлесу кезінде үлкен ұсыныс жасаған.

Рогозин Түркия республикасының 100 жылдығын атап өту үшін ғарышқа түрік ғарышкерін жіберуді ұсынған.

«Бізде сізге (Түркия) арналған ортақ ұсыныс бар: сіздердің елдердің мерейлі күнінде ғарышқа түркі ғарышкерін жіберейік. Бұл шараға біздің орталық дайын»,- дейді Рогозин.

«Біз сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңызға қосыламыз. Елімнің атынан сіздердің жасап жатқан ұсыныстарыңызға алғыс білдіремін»,-деп жауап берді Түркия президенті.