Саясат

Назарбаев пен Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында тараптар көпжоспарлы Қазақстан-Ресей саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығының ілгері дамуына ризашылық білдірді.

Сонымен қатар, екі ел басшылары гуманитарлық саладағы диалогты одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті, оның аясында 2019 жылдың қыркүйек айында Ресейдегі Қазақстанның Мәдениет күндері өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады.