Саясат
Қолындағы анықтамасына қарасақ, тұрмысы төмен, көпбалалы бұл отбасының айлығы 25 мың және 31 мың теңге.
Балаларына қалам-дәптер сияқты әлеуметтік қайырымдылық көмек алуға қымбат көлікпен жетіп келген "тұрмысы төмен" жерлес Павлодардағы "Клуб добряков Павлодара" қоғамдық қорының мүшелерін таң қалдырды.
Тұрмысы төмен отбасымыз деп, волонтерлердің қолынан көмек алуға келген ер адамның қолындағы анықтамасына сай, бұл отбасында ата-ананың айлығы 25 мың және 31 мың теңге екен.
- Кейін анықталғандай, отағасы аса қымбат Lexus көлігінің соңғы моделін теуіп жүр, ал оның отбасы үлкен, коттеджге бергісіз үйде тұрады екен. Оған өзіміз барып көз жеткіздік, - деп жазады волонтерлер.
Балаларына зияны тимесін деп, әлгі отбасының кім екені айтылмайды. Бірақ бұл кісінің қылығы адамшылыққа жатпайды дейді. Оның алып алған көмегі шын мұқтаж басқа отбасыға шынымен де керек болатыны анық.