Экономика

Азаматтардың несиесін өтеу: Қаражат 5 қыркүйекке дейін аударылады

Ақшаны банктер таратады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Банктер борыш жүктемесі бойынша қаражатты қарыз алушылардың шоттарына 5 қыркүйекке дейін аударады.

- Осы жылдың 20 тамызында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен алынған мәліметке сәйкес, жиыны 150 млрд теңгелік қарызы өтелетін 500 мыңнан астам адам айқындалды. Қазіргі таңда қаражат тиісті қаржылық институттарға аударылды. 5 қыркүйекке дейін банктер қарыз алушылардың шоттарына бұл қаражаттарды тарату жұмыстарын жүргізуі керек. Ал 9 қыркүйекте Үкіметке және осы бағдарламаның операторларына қаражаттың шоттарға аударылғаны туралы ақпаратты беруі тиіс, - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Үкіметтің баспасөз орталығындағы жиында.

Айта кетсек, борыш жүктемесін жеңілдету бойынша 507 мың  қазақстандық анықталды.

ҚазАқпарат