Саясат

Қытай мұсылмандарға бөлінген ақшаға жас шығаратын газ сатып алған

Бұл ақшаны Дүниежүзілік Банк берген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында білім беруді дамытуға Дүниежүзілік Банк тарапынан берілген несиені көзден жас ағызатын газ, тікенекті сым мен бронды кеудешелер сатып алуға жұмсаған болуы мүмкін. Бұл туралы Foreign Policy хабарлайды.

АҚШ Конгресіндегі Қытай мәселесі жөніндегі атқарушы комиссия Дүниежүзілік банк басшысы Дэвид Малпассаға Қытайдың мұсылман өңіріндегі білім беруді дамыту үшін бастапқыда бөлінген 50 миллион доллар не үшін жұмсалғанына баға беру туралы хат жолдады.

Атап өтерлігі, бұл сауалдың тууына Яркендтегі оқу орындарының біріне 30 мың доллар сомаға жоғары сапалы қорғаныс құралдарын сатып алынғандығы себеп болған. 

Мүліктердің арасында 30 жас шығаратын газдың іске қосу қондырғылары, тәртіпсіздіктермен күреске арналған 100 резеңке таяқ (дубинка), камуфляж киімінің 400 жиынтығы, киімнің "соққысына төзімді" 100 жиынтығы, 45 шлем, 12 металл іздегіш және басқа да нәрселер бар. Жұмсалған қаражаттың қайдан алынғаны анықталмаған.