Bugin

Қасым Аманжол: Сиыр бағып жүргенде, тағы да трагедия болмасына кім кепіл?

Азаматтық пікір

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал тілші Қасым Аманжол әлеуметтік желідегі парақшасында Елбасының қос сиырға қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді.

- Тез ұмытамыз, иә? Көп балалы әйелдер наразылығы неден басталып еді? Астанадағы бес сәбидің қазасынан соң. Және сол трагедияға бес сәбиін нәпақа іздеп қамап кеткен ата-ананың әрекеті себеп болған еді. Әйел атаулы перзенті көп ананың қаңғып жұмыс істеуіне, баласын қараусыз қалдыруына қарсы шулап жүр. Лайықты жәрдемақы бер, үйде баламызды қарап отырайық дейді. Ал мына назарбаев-байбек-сапарбаевтар "микрокредитке сиыр алып бақ, бақша ек, бір отбасын асырайды" деп ақыл айтады. Ертең сиыр бағып, поля кезіп тентіреп жүргенде тағы да трагедиялар болмасына кім кепіл? Логика бар ма өзі осы кісілерде? – деп жазды Қасым Аманжол.