Экономика

Неліктен ақша айырбастағысы келгендерді тіркеп отыру керек? Ұлттық банктің жауабы

Қазақстандықтардың деректерін жазуға міндеттеуді жоспарлап отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков қазақстандықтардың жеке мәліметтерін айырбастау пункттерінде сақтау туралы норманы не үшін енгізгісі келетінін түсіндірді.

- Деректерді тіркеу ақшаны жылыстатуға қарсы тұру мақсатында қажет. Қазір сіз банк арқылы іскерлік операцияларды жүзеге асырғанда, сіз іскерлік қарым-қатынасты орнатасыз және деректерді толығымен тіркейсіз. Егер ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл тұрғысынан халықаралық практикаға қарайтын болсақ, ақшаны бөліп-бөліп жылыстату дерегі әрқашан кездеседі. Ірі сома ақша қаражатын жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы Заңның қолданысына түсуі мүмкін, ұсақ сомалармен бірнеше рет келу арқылы заңға қайшылық тудырады,- деді Ұлттық банк басшысының орынбасары Олег Смоляков хабарлады.

Ол бұл норманы енгізу қажеттілігі әлі де талқыланып жатқандығын айтты.

Ұлттық банк айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын таңғы сағат 10-нан кешкі 19-ға дейін шектеуді, сондай-ақ оларды операцияларды жүзеге асыру кезінде қазақстандықтардың деректерін жазуға міндеттеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, егер жаңа талаптар бекітілсе, айырбастау пункттерінің кассаларында 100 миллион теңгеден болуы тиіс.

Экономист Арман Байғанов Ұлттық банктің айырбастау пункттерінің қызметіне енгізген түзетулері теріс салдарларға әкелуі мүмкін деп санайды.

Tengrinews.kz