Weekend

Тәрбие тіні

Ой толқыны

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тартылыс

Балам су сұрады...

Қызымның нанға тәбеті ашылып тұр...

Орнымнан тұруға тартылыс күші жібермейді...

Ньютон заңына бағынатын күш емес, телефонға деген тәуелділік...

Ереже

Достарымыздың арасында үлгі тұтарлық жұп бар. Жолдасының сабырлығы мен жұбайының сыпайылығы мен ізеттілігіне тәнті болмайтын адам жоқ. Қашан көрсең де, екеуі жұп жазбай, бір-бірін қоштап отырады. Бұл – қоғамдық ортада өздерін ұстау ережесі.

Мейір

 - Таңдайым кеуіп барады. Шөл басатын не бар? – деді теледидар көріп жатқан ері әйеліне.

Әйелі ойын бөлмесінде ойнап отырған қос құлынын шақырып алып, әкелерінің жанына жіберді. Әкесі екеуіне бар жылы сөзін айтып, құшақтап, ойнап, балаларына екі бетін кезек-кезек сүйдіріп, алақанын уқалатып, табанын бастырды.

Қанша шөлдеп тұрса да, алдымен мейірін қандырып алу әкенің әдеті еді.

 Сенім

Күйеуі әйелінің ұялы телефонын тексеріп отыр. Құрылғының жадында барлық қосымша бар. Күмән туғызатын да, күдік ұялататын да дәнеңе жоқ.

 - Керемет дүниелер бар екен.

Әйелі күйеуінің жеке құрылғысын сұрады. Қарсылық танытпады. Бірақ құпия құлып бар-тын. Әйел оның кілтін сұраған, ал ері айтқан да жоқ.

 - Сіздің де ұялыңызда менікіне қарағанда өте құнды, қымбат ақпараттар бар екен.

Ұрыс та жоқ, керіс те жоқ. Сенімге селкеудің сызығы, көңілге күмәннің көлеңкесі түспесін!

Құрмет

Балаларының әкесі жұмыстан келді. Өмірлік жары күтіп алды.

Қолындағы портфелді алды, жолдасы ұсынбады.

Аяқ киімін бөлек алып қойды, жолдасы белін бүкпеді.

Жейдесін шешіп, киім ілгішке ілді, жолдасы шынтағын тік ұстады.

Бас киімін жоғарыға қойды, жолдасы басын иген жоқ.

Әйелі қолын созып, белін бүгіп, шаң жуытпай, шық түсірмей, басын иді.

Еріне деген шексіз құрметі осындай еді.