Саясат

29-шы тамыз - ядролық қарудан бас тартқан күн

Ұлт үшін ұлы шешім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыдан тура жиырма сегіз жыл бұрын 29-шы тамызда не болды?

1991-ші жылы 29-шы Тамызда Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кеменгерлігімен, даналығының арқасында "Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы" Жарлыққа қол қойған болатын. Қарап отырсақ ядролық полигонның жабылғанына да отыз жыл болып қалыпты.

Семей ядролық полигонын жабу туралы Ел басымыздың бұл жарлығы болашақ ұрпаққа, келер жас буынға өте үлкен үлгі болары сөзсіз. Жарлыққа қол қойылудың арқасында. Жер шарындағы халықаралық  бір неше ядролық сынақты тоқтату туралы келісім шартқа қол қойыла бастады.

Алексей Пилько, Еуразиялық коммуникациялық орталық директоры бір сөзінде:

- Семей полигонының жабылуы қарусыздану қадамына бастау болды. Яғни, Қазақстан қауіпсіздікті орнатып, бейбітшілікті үндеп, әлемге үлгі көрсетті. Себебі бұл мемлекет ядролық ең үлкен күш-қуатқа ие болатын. Тіпті, Қытай, Франция, Ұлыбритания сынды елдермен бір қатарда тұрды, - деп сөзін баян еткен болатын.