Bugin
Әзірше жиналғысы келген жұрт «Сарыарқа» кинотеатрының алдына ғана келе алады
29 тамыз күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Конституция күніне орай өткен салтанатты шарада санкцияланған митингілерді өткізуге арналған орындарды дайындау мәселесін қарастырды.
Одан бөлек, қала алаңдарының маңында адамдардың жаппай жиналғанын көрсетіп, есеп жүргізетін бейнемониторинг жүйесі, яғни, 1000 камера орнатылатын болады.
- Мәслихатқа «Сарыарқа» кинотеатрынан басқа жұрт жиналып, бейбіт наразылық танытатын тағы бір орынды дайындауға өтініш білдіремін. Бұл қаланың саяси және құқықтық мәдениетін арттыруға көмектеседі, - деді Сағынтаев.