Саясат

Назарбаевтың қызы неге Швейцариядағы қамалды сатып алды?

Еуразияның геосаяси өрісін реттеуге болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Динара Құлыбаевтың Швейцариядағы қамалды сатып алғаны жайлы хабар Швейцарияның өзінен келген болатын.

Динара Құлыбаевтың құны 62 млн франк (63 млн доллар) тұратын Бельерив қамалын сатып алғаны жайлы жариялаған Bilan журналы болатын. Басылымның мәліметтеріне қарағанда, бұл қамал Женево көлінің жағасында 17 ғасырда салынған әрі қазіргі күнде Швейцарияның мәдени жәдігеріне жататын тарихи мұра.

Кімнің қамалы?

Бұл қамалдың бұрынғы иесі Серсок ағайындылары оны 120 млн франк қаржыға сатпақ болған, алайда оны сатып ала қоятын адам табылмаған көрінеді. Үш жыл бойы бос тұрған. Сондықтан да ол Динара Құлыбаевқа екі есе арзанға кетті. Әрі Қазақстанның экс-президентінің кіші қызы әп сәтте швед мәдениетінің қол жетпес жәдігерінің иесі атанып шыға келді.

Қамалдың әдемілігі мен көнеден сыр шертер тарихилығында күмән жоқ.

Қамалдың тарихта қалған кезі, шамамен, 1623 жылдарға сәйкес келеді. Сол уақытта Савой патшалығын билеп тұрған Ұлы Карл Эммануил қамал маңында ескі портты сатып алып, ол жерге үлкен қойма тұрғызып, тұз бен басқа да азық-түліктерді толтырып тастаған көрінеді. Бұл Женевадан тәуелсіздік алудың амалы болғанға ұқсайды. Өйткені патшалық тұрғындары азық-түлік Женевадан таситын болған.

Ал өз кезегінде Женева билігі болса, Савой герцогін қамал тұрғызып, әскери порт қалады деп айыптап, тек 1792 жылы ғана әскерімен басып кіріп, патшалықты тізе бүктіре алған. Ал оған дейін Карл Эммануилдің салып кеткен порты нағыз алып қамалға айналып, көптің қорғаны болған.

Исмайыл қауымы деген кімдер?

Бұл қамалдың тағы бір тарихи жәдігер ететін ерекшелігі – оның Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы Аға хан әулетінің иелігінде болғаны. Қамалдың иесі Садруддин Аға хан ислам дінінің исмаил тармағының өкілі болып саналады. Бұл діни қауымдастық әрі қозғалыстың қазіргі таңда 15 млн.-ға жуық өкілі бар, ықпалы да үлкен.

1997 жылы Садруддин Аға хан көз жұмғаннан кейін, қамал әйелі Катрин Алия Серсектің қос ұлының қолында қалады. Қамалды сатпақ болған да солар.

Динара Құлыбаевтың бұл қамалды сатып алуының негізгі себебі «жоғарғы қоғам өміріне» араласудың, ақсүйек ортаға өтудің амалы болса керек.

Бірақ бұдан да артық бір себеп бар. Бұл қамалдың бұрынғы иелері исмаил қауымының өкілдері Таяу Шығыста үлкен беделге ие. Әсіресе, Таулы Бадахшандағы билігі өткір. Ал Таулы Бадахшан – бұл діни сенім өкілдерінің көп бөлігі өмір сүріп жатқан әлемдегі бірден-бір мекен.

Таулы Бадахшан автономиялық өлкесі Тәжікстанның құрамына енеді де, Қытаймен, Иранмен, Ауғаныстанмен, Қырғызстанмен шекараласып жатыр. Сондықтан Таулы Бадахшанды Еуразияның күйреуіне ықпалы басым геосаяси орны десек болады. Оның үстіне, жергілікті қауым Тәжікстаннан егемендік алғысы келеді. Олардың көңілін басып, бұл аумақта үлкен дау туғызуға болады.

Сондықтан Динара Құлыбаевтың саудасы доллармен де, франкпен де өлшеуге келмейтін мүлдем басқа құндылыққа ие болуы мүмкін.

 ANALYSIS & RESEARCH CENTER