Weekend

Ауылға соңғы рет қашан бардың ?

Ауыл деген - сенің құжатың

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қалаға қарай аяқ бассақ, бір ғажабы, ауылымызды естен шығарып алып жатамыз. Құдды бір ауылда тұрмаған адамдай болатынымыз тағы бар. 

"Ауыл" деген сөзді естісек болды мұрын шүйіре бастаймыз. Қарбалас қым-қуыт тірліктен мың есе артық ауыл емес пе? Әлде менің бұл сөзімде өте үлкен қателік бар ма?

Қалаға келдік, аядай ғана шағын бөлмелерден тұратын үйге келіп орын тебеміз. Ауылда қандай еді тұратын үйіміз кең, бөлмелері үлкен болатын. Кең үйге деген қимастық па, жоқ әлде ауылға деген махаббат па, әйтеуір, ата-анамыз ауылда қалатын.

Бес алты жыл бұрын байқайтынбыз: қалада тұратын адамдар балаларына ауылға ата-әжелеріңе барасың дегенде баланың жүзінен қуанышты байқайтын едік. Бала ауылға барып жайма шуақ табиғатқа қанық болып, ата-әжесінің аңыз әңгіме, дастандарын тыңдаушы еді. Қазір ол да жоғалып бара жатыр. Балаға ауылға барасың дайындал десеңіз болды. Баланың жүзінен соғысқа бара жатқандай әсерді байқаймыз.

Сонда біз ауылға деген ыстық ықыласымызды жоғалтып алғанымыз ба?