Спорт

Арман Әшімов Ресейде жекпе-жек өткізеді

Аралас жекпе-жек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов Оренбург қаласында өтетін М-1 Challenge 104 халықаралық турнирінде өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан ММА федерациясының хабарлауынша, аталған турнир 30 тамыз күні Ресейдің Оренбург қаласында өтеді. Бұл кеште Арман Әшімов титулды жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы - бразилиялық Флавио Да Сильв Сантос. Бразилиялық спортшы бұған дейін 12 жекпе-жек өткізіп, 9 мәрте жеңіске жеткен.

Ал Арман Әшімовтің бұған дейін 11 рет жеңіске жеткенін бәріміз білеміз. Ең жеңіл салмақта (57 келі) өнер көрсететін Әшімов әлемдегі ең үздік нокаутшылардың бірі саналады. Ол жанкүйерлерге жылдам соққылары және мығым техникасымен танымал.

Айта кетейік, Арман Әшімов биылдан бастап Ғалымжан Есенов басқаратын "Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығының" қолдауымен өнер көрсетеді. Аталған Қоғамдық бірлестік К.Мәсімов басшылық ететін Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының құрамына кіреді.