Саясат

Айгүл Орынбек: Конституция күнімен құттықтайтындай, бұл елде құқығыңыз заңмен қорғалып жүр ме?

Сіз келісесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздегі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі әрі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында "Конституция күніне" байланысты жазба қалдырған. Жазбаны назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Конституцияның бірінші бабынан бастап адам құқығы бұзылып тұр. Бес жылы бойы ел аралап, халықтың тұрмыс тіршілігін сараладым. Содан ұққаным билік әдейі халықты осылай топас қылып ұстаған. Халықтың көзі заңдық тұрғыдан ашылса, билік ерте күйрейтін еді. Себебі өз құқығын білген адам, билік оның құлы екенін біліп одан заңды түрде жұмыс істеуін талап етеді. Халық қазақ тілінде , билік орыс тілінде, отыз жыл бойы сөйлеп келді. Билік көзімізді бақырайтып қойып біздің тілдік құқығымызды таптап келді. Шығарған заңдардың, түсіндірмелердің барлығы орыс тілінде болған соң, өз құқығын қорғаудың орнына билікке құл болып келді.

Халық құқықтық жағынан сауатсыз! Оған мемлекет кінәлі! Себебі мемлекет қазақ тілін мемлекеттік қызметкерлерден заңды түрде талап етпеді. Ал халыққа қызмет көрсетуші қызметкерлер тілмен емес, қараңғы халықтың ісін парамен бітіріп беріп отырды. "Қазақ тілін білмесең жұмысқа алмаймыз"- деген жазба емес, "орыс тілін білмесең жұмысқа алмаймыз"- деген шарт тұрады. Конституция бойынша ұлттың тілін ұлықтай алмаған елде, қалай біз конституция күнін тойлаймыз?
Конституция бойынша ең бірінші адам яғни біз, сосын біздің тіл! 

Бұл мереке емес, бұл қазақ ұлтының құқығы өлген күн, яғни қаралы күн!