Саясат

«Мен толықтай қазақстандық брендтерді киемін» Италиялық банкир киімдерін мақтанышпен көрсетті

Қазақстанда жасалғанды жақсы көр!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли журналистерге үстіне тек Қазақстанда жасалған киім киіп жүргенін айтты.

«Азия даму банкі «Атамекен» ҚР ҰКП үшін әртүрлі семинарлар өткізіп, қолдау көрсетеміз. Әйел кәсіпкерлерді де ерекше қолдаймыз, гендерлік теңдікті жақтаймыз. Бүгінгі сөзімде дағдыларды дамыту туралы да айттым. Брендтеу де өте маңызды. Мен бүгін толықтай Қазақстандық брендтерді киіп жүрмін»,– деп Giorgio Armani мен Dolce & Gabbana отанынан келген банкир су жаңа аяқ киімін, костюм-шалбары мен галстугін мақтанышпен көрсетті.

Осы күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Altyn Oimaq» Қазақстан жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының алғашқы форумы мен көрмесі өтуде.

Тауарын шетелдерге экспорттап, әлемге әйгілі Диснеймен жұмыс істеуді қолға алып жатқан «Mimioriki» отандық балалар киімі сауда белгісінің негізін қалаушы, әрі директоры Инна Апенко форум барысында Қазақстан өнімі арқылы патриотизмді тәрбиелеу қажеттігін көтерді.

«Біздің азаматтарымыздың киіп жүрген киімі, аяқ киімі, аксесуарларлары мемлекеттің имиджін қалыптастырады. Халық арасында қандай қазақстандық брендтерді білетіндерін сұрағанымызда, бірінші кезекте азық-түлік пен киім-кешектерді еске алды. Жеңіл өнеркәсіп саласы салық төлеуде шағын болғанымен, идеологиялық тұрғыда үлкен. Ұранымыз – Қазақстанда жасалғанды жақсы көр! Елімізде идеологиялық мәселе бар екендігін үкімет басындағыларға айтқым келеді. Бір өкініштісі, біздің өз-өзімізді бағалауымыз төмен. Әсіресе, он жыл бұрын бизнесті жаңа бастаған кезде осыны қатты сезіндік. Кісілер бізге «тауарларыңыздың Қазақстанда жасалғанын ешқашан жазбаңыздар. Брендтеріңіз өшіп қалады, брендтеріңіз күшті ғой «Жапонияда жасалған» деп жазыңыздар» деп кеңес беретін. Біз алғашқылардың бірі болып «Қазақстанда жасалған» деп жаздық. Қазақстанда осындай тауар өндірілетініне ешкім сенбейтін. Өйткені бізде «қазақстандық тауар көк тиын тұрмауы керек, тегін болуы керек, жақсы тауар жасай алмаймыз» деген түсінік қалыптасып қалған. Осы идеалогиялық мәселені өзгерту үшін мемлекет тарапынан қолдау болса екен», – деп өтінішін жеткізді «Mimioriki» директоры  Инна Апенко.

inbusiness.kz