Мерекеге орай 30 тамыз демалыс күні болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының
Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні
жалпыхалықтық Референдум негізінде
қабылданды. Ал 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция
мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол
мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі
боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін
белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз
Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993
жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Бүгін мереке құрметіне елімізде мерекелік шаралар, мерекелер, концерттер,
спорт, фестивальдар мен көрмелер өтеді.