Weekend

Қазақстаннның төрт облысында ескерту жарияланды

Елорда мен төрт облыста дабылды ескерту жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Нұр-Сұлтан мен төрт облыста қатты желге байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Казгидромет өкілдерінің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Қостанай облысында кей жерде нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең кей жерде тұман болады. Солтүстіктен соққан желдің екпіні түнде 15-20, ұйытқуы 23 м/с-қа дейін жетеді. Қостанайда күн күркіреп, қатты жел тұрады – 15-20 м/с, түнде нөсер жаңбыр құяды.

Ақтөбе облысында кей жерде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтөбеде желдің екпіні – 16 м/с.

Түркістан облысында кей жерде шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20,  түнде ұйытқуы 23 м/с-қа дейін жетеді. Түркістанда шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Қызылорда облысында кей жерде шаңды дауыл болады. Батыс және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20, ұйытқуы 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Қызылордада таңертең және күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз шаңды дауыл соғады.