Саясат
Абаев айтқан заң қаншалықты дұрыс
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ақпараттық жала үшін Еуропада қандай жазалар қарастырғанын айтты.
- Біріншіден, біздің заңнама ақпараттың жала мәселесін, ондай заңбұзушылықтың ауыртпалықтарын байсалды, ойға қонымды реттей алатынын қайталай кетейін. Біз бұл жолы құқықтық қолдану практикасын жетілдіруге көбірек бағыт алып отырмыз. Екіншіден, әйтеуір Германия туралы айтылған екен, аталмыш елдің Қылмыстық кодексінде медианы пайдалана отырып жала таратқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Үшіншіден, 50 млн еуроға дейінгі айыппұлдың өзектілігіне келер болсақ, мен арнайы қарап шықтым. Германияның 2017 жылғы әлеуметтік медиадағы құқықтық пайдалануды жетілдіру заңында осындай шара қарастырылған, - деді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, аталмыш заңбұзушылық үшін Сингапур, Франция, Швейцария елдерінде де әжептәуір қатаң шаралар қарастырылған.
Дәурен Абаевтың бұл тұжырымын тексеріп көрген factcheck басылымы ақпарат министрінің өзі шындыққа жанаспайтын ақпар бергеніне дәлелдер көрсетеді.
- Біріншіден, мұндай айыппұл көлемі басылымдарға емес, әлеуметтік желі авторларына салынады. Екіншіден, Абаевтың айтып отырған заңына бұқаралық ақпарат құралдары енбейді. Үшіншіден, Абаевтың айтып отырған заңы ең алдымен, жеке азаматтарды қорлауға, оған өшпенділік тудыруға қарсы (оның ішінде Холокостты жоққа шығару да бар) жасалған заң, - деп жазады басылым.
Одан бөлек, басылымның айтуынша, Германияда қабылданған бұл заңнама Еуропаның өзінде қатты сынға ұшыраған әрі БҰҰ-ның баяндамасында демократиялық қоғамға еркін ой айтуды жазалайтын заң деп баға берілген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61