Weekend

АҚШ-Қытай сауда соғысы: Америкада панда қалмауы мүмкін

Қытай панданы жалға береді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Смитсон ұлттық зоопарк әкімшілігі егер АҚШ пен Қытайдың арасындағы араздық жалғаса беретін болса, Вашингтондағы пандаларды Қытай елі алып кетуі мүмкін дегенді айтады. 

The Hill хабарлауынша, бамбук аюларын жалға алу келісімшарты 2020 жылдың желтоқсанында аяқталады. Ерлі-зайыпты аюлардан туылған қонжық та шартқа сәйкес Қытайға  қайтуға мәжбүр болады, деп хабарлайды 360 арна.

Хайуанаттар бағының баспасөз қызметі Қытай тарапымен жаңа келісім бойынша келіссөздерді әлі бастаған жоқ деп мәлімдеді. Алайда олар ересек пандаларға Вашингтонда 2020 жылдан кейін тұруға рұқсат етіледі деп үміттенеді.

Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасындағы саудадағы қарама-қайшылық 2018 жылдың шілдесінен басталады. 28 тамызда АҚШ билігі Қытайдан экспортталатын бірқатар тауарларға кедендік баж салығының 15%-ға көтерілетінін ресми растады.

Пандалар Қызыл кітапқа енгізілген. Барлық жануарлар ұлттық қазына және Қытайға тиесілі. Билік пандаларды шетелдік хайуанаттар бағына жалға береді, бұл «панда дипломатиясы» деген терминнің пайда болуына әкелді.

Ресейдегі жалғыз үлкен панда - Диндин мен Чуй астаналық хайуанаттар бағында тұрады. Олар 15 жылын Мәскеуде өткізеді. Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин 5 маусымда панда павильонының салтанатты ашылуына қатысты.