Саясат
Сенім
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қырғызстанның өз егемендігі жылдарында ауқымды жаңғыру жолынан өтіп, мемлекет құру ісінде зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.
"Біздің елдеріміздің арасында орнаған ашық және тұрақты саяси диалог алдағы уақытта да қазақ-қырғыз қатынастарының стратегиялық серіктестік және өзара қолдау рухында жан-жақты нығая беруіне ықпал етеді деп сенемін", - делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасында қалыптасқан көпғасырлық достық, көршілестік және өзара сенімді Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынына ерекше мән берді.
Қырғызстан 1991 жылдың 31 тамызында тәуелсіздік алды. Бұл күні елдің Жоғарғы кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша "Қырғыз республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі декларация " туралы қаулы қабылданды. Қырғызстан тәуелсіз, егемен және демократиялық мемлекет деп жарияланды.
Сол кезден бері елде бес президент ауысты. Қырғызстанның қазіргі президенті - Сооронбай Жээнбеков. Ол өз қызметіне 2017 жылдың 24 қарашасында кірісті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61