Bugin
Түрлі саланың тізгінін ұстаған нәзікжандылар
Гүлшара Әбдіқалықова Қазақсатнның мемлекеттік хатшысы. Ол әртүрлі бағыттарда, әсіресе гуманитарлық жағынан белсенді. Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшының нұсқауларына байлансты елдің ішкі және сыртқы саясаты бойынша ұсыныстар мен тапсырмаларды дайындайды. Ол сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық даму, отбасылық-демографиялық саясат, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі қызметтерде де белсенді. Батыста Мемлекеттік хатшының рөлі өте құрметті және жауапты. Қазіргі таңда қоғам Гүлшара Әбдіқалықовадан саяси және азаматтық белсенділікті күтеді.
Қазақстандағы тағы бір көрнекті саясаткер әйел — Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова. Балалар үйіндегі жағдай, медицина қызметкерлерінің төмен жалақысы туралы мәселені көтерді.
Гүлжан Қарағұсова-нәзік әрі экономика жағынан өте сауатты адам. Экономика саласы бойынша ондаған кітаптың авторы, кейде гуманитарлық тақырыпта жазатын шығармалары да бар. Қарағұсова – сезімтал әрі өткір, тік мінезді әйел. Кез келген жерде ойын ашық білдіріп, өзіне ұнамаған дүниені тіке айтады.
Тамара Қасымқызы Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда Түркістан облысында туған. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары ол жауапты басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі, Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып жұмыс істеді.