Саясат
2008 жылғы жағдай есіңізде ме?
Оңтүстік Осетия Грузиямен әскери текетіреске бармайды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жартылай танылған Республика президенті Анатолий Бибилов жазды.
Бибіловтің айтуынша, елді мекен тұрғындары Оңтүстік Осетия шекара қызметінің қорғауында және толықтай қауіпсіздікте.- Грузия әскери қақтығыстың орын алғанын қаламайды, — деп атап өтті ол осетиялық Цнелис ауылынан бір шақырым жерде жатқан грузин блокпосты төңірегіндегі жағдайға түсініктеме бере отырып.
Республика Президенті өз отбасын алып кетті деген қауесетке бөлек жауап берді.
- Мәскеуге анасының қарамағында оқуға кеткен үлкен ұлымды санамағанда, менің отбасым осында, — деп түйіндеді Оңтүстік Осетия басшысы.
28 тамызда Грузия полициясы Оңтүстік Осетия аумағындағы Цнелис ауылының маңында блокпост орналастырғаны белгілі болды. Оңтүстік Осетия президентінің кеңесшісі Сослан Кокоевтің айтуынша, Грузияның кез келген әрекеті қарама-қарсы жауапқа ие болады. Цхинвал блокпостты алып тастауды талап еткен болатын, Тбилиси бас тартумен жауап берді.