Weekend
Кітапсыз адам - тамырсыз қаңбақ (Ф.Оңғарсынова)
Өмірге адам болып келгеннен кейін, қайсыбіріміз болмасын, бір рет те болсын кітаптың бетін ашып көрген шығармыз. Мектеп табалдырығында жүрген кезде де ұстаздардың кітап туралы айтқан талай нақылдарын құлағымыз шалды. Кейде айтқандарын ескеріп кітап бетін ашып парақтап отыратынбыз. Оқып отырған кітабымыздың қатты көңілден шыққаны соншалық - ішіндегі кейіпкерді ой елегімізден өткізіп еліктегенде кездеріміз де болды.
Ең алғаш оқыған кітабым - белгілі жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" атты кең көлемді шығармасы еді. Оқып отырған кезде бала Тұрардың жасаған істеріне қайран қалып, үлкен таңғалыспен құмарлана сүйсіне оқып отыратынмын. Кітапқа ынтамызбен берілгеніміз сонша - дос балалармен бір-бірімізден бірнеше рет кітап айырбастап оқушы едік.
Қазіргі кезде де кітап оқитын жастар бар, бірақ саны көп емес, саусақпен санарлық. Кітапхана да талай кітаптар беттері ашылмастан шаң басып тұр. Жүрек ауыртарлық көрініс. Шетелдің бір данышпан ойшылы кітап туралы былайша ғажап сөз қалдырып кетіпті:
- Мен ескішіл адаммын, сондықтан кітап оқуды уақытты өткізудің адамзаттың ойлап тапқан ең керемет түрі деп ойлаймын
Кітаптың адамға керек құрал екенін бір ауыз сөзбен дәлелдеп тұр.
Қазақтың көрнекті қаламгері Ғабит Мүсірепов кітап туралы мынандай анықтама берген екен.
- Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой толғаудан да тиылар едік
Кітап оқу арқылы адамзат өз бойындағы ашылмай жұмбақ болып жатқан қасиеттерді, таланттарын ашады. Сөз сөйлеу мәнерін едәуір жақсартады, мәдени ортаға бейімделуге көп көмегін тигізеді.
***
Соңғы түйін: Кітап сенің өтіп жатқан өміріңнің басты құралы.