Bugin

Шолпан Каринова Білім министрінің орынбасары болып тағайындалды

Назарбаев зияткерлік мектебінде қызметте болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Шолпан Каринова 1972 жылы дүниеге келген.

1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2016 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей) «педагогикалық білім» бағыты бойынша магистратураны тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

2005–2008 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы. Кейін СҚО Білім басқармасының орынбасары, 2013-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы қызметінде болған.

2017–2018 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

2018 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.