Weekend

Алтын тобылғы-2018: қазақ әдебиетінің миллионерлері

Марапаттау Астанада болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Алтын тобылғы» жүлдесінің лауреаттарын марапаттады. Байқау қазақстандық авторлардың шығармашылық деңгейін және қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Байқау Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған халқымыздың рухани құндылықтарына мән береді. Сол себепті ұлтық мәдениетті, тарихты және ел жетістіктеріне арналған шығармашылық жұмыстарды біріктіріп, жаңа аталымды қосу мүмкіндігі қарастырылуда», — деді Қанат Жұмабаев.

«Алтын тобылғы» жеңімпаздарды марапаттау кешінің қорытындысы:

1) «Жылдың үздік прозасы» – Айзат Рақыш «Адасқандар» шығармасымен

2) «Жылдың үздік поэзиясы» – Қайсар Қауымбек («Күңіренбе, молалар») және Айбол Исламғалиев («Жалғыздық картинасы»)

3) «Жылдың үздік балалар әдебиеті» – Алина Гатина

«Астананың 20 жылдығына арналған үздік шығарма» атты арнайы тақырыптық номинациясы бойынша  – Шерхан Талап («Астана бояулары»)

Осы жылы «Жылдың үздік драматургиясы» аталымы бойынша ұсынылған жұмыстардың қойылған талаптарға сай келмеуіне байланысты, жеңімпаз болмады.

Сонымен қатар «Жылдың үздік прозасы» аталымы бойынша Тұрсынбек Башаровқа («Чириме») және «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» аталымында Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасының Бас редакторы Марғұлан Ақанға («Жетіқарақшы») көтермелеу сыйақысы ретінде 500 мың теңгеден берілді.

Бұл байқау Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған. Өзінің бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев дарынды және табысты жастарға назар аудару жайлы айтқан. Байқау құрылтайшысы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жыл сайын 1,5 миллион көлемінде арнайы номинация тағайындады..