Weekend

Діни бірлестіктер арасында үстел теннисінен сайыс өтті

Алматы қаласы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше Аламатыда ҚР Конституциясы күніне орай Алматы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы және қалалық Діни бірлестіктер басшылары клубының ұйымдастыруымен Діни бірлестіктер арасында үстел теннисінен үстел теннисінен сайыс өтті. 

Діни бірлестіктер клубының басшысы Кәкімжан Бишмановтың айтуынша, турнирге қатысушылар саны жоспардағыдан еке есе көп болған. 

- Діни бірлестіктер мүшелерінің спорт ойындарына қызығушылығы артып келеді. Бүгінгі сайысқа қатысушылар саны турнир басталар алдында күрт артты. Кейбір спорт шараларына екі жүзге дейін қатысушы тіркелген кездер болды. Бұрын кришнаиттер, баптистер және тағы басқа діни бірлестіктер өкілдері мұндай шараларға көп қатыса бермейтін. Біз оларға мұндай шаралар сынау үшін ұйымдастырылмайтынын айтып түсіндірдік. Осыған дейін шахматтан ашық турнир өткіздік. Бірінші орынды Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жігіттері иеленді. Бұл жерге ешкім шапан киіп келмейді. Ешбір діни бірлестік мүшесі өз дінін насихаттамайды,  — деді Кәкімжан Бишманов. 

Оның айтуынша, Алматы қалалық Діни бірлестіктер басшылары клубы осыдан үш жыл бұрын құрылған. Мақсаты – діни бірлестіктер мүшелері арасында қарым-қатынасты күшейтіп, бейбітшілік, ынтымақты насихаттау. 

- Біз өткен аптада «Кришнаның келуі» деген кришна қауымдастығының мерекесіне қатыстық. Оның алдында, Құрбан айт мерекесінде клубпен мешітке бардық. Өзге діни сенімдегі адамдар аяқ-киімін шешіп мешітке кірді. Құрбан айт етінен ауыз тиіп, дастархандас болды. Жиналып  мұражай, театрларға барып тұрамыз. Клуб мүшелері болып қоғамдағы әлеуметтік жағдайларды талқылаймыз. Діни бірлестік жетекшілерінің дені ғылыми дәрежесі бар адамдар, — деді К. Бишманов. 

Клуб басшысы атап өткендей, Алматы қаласының діни бірлестіктер жетекшілері Қазақстанның Дін туралы заңын әзірлеу барысында көп үлес қосқан. Ата заң күніне орай ұйымдастырылған үстел теннисі сайысына жүзге жуық адам қатысты. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.