Weekend

Табысты болудың басты факторы - білімді болу

"Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" салтанатты жиыны

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы «Құрық орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. 

Атаулы мерекелік шараға мектеп директоры Гүлмира Сәбитқызы, ардагер ұстазымыз Айханым Төлесбаева және облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Амангелді Аманжанұлы, аудандық білім бөлімінің бас маманы Пірімбетова Ырзагүл қатысты. 

Атап өтсек, биылғы жыл еліміз үшін елеулі оқиғаларға толы болды. 2019 жыл елімізде «Жастар жылы» деп жарияланса, алдағы келер жыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, сонымен қатар қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» І бөлімінде Білімнің салтанат құруы: Әрбір қазақстандық табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін терең түсінуіміз керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы керек» деген болатын.  

Олай болса, 2019-2020 оқу жылын да зор табыстармен аяқтаймыз деген сенімдеміз. Өткен оқу жылында шәкірттеріміз аудандық, облыстық сайыстардан жүлделі оралды. Сонымен қатар, биылғы мектеп бітіруші түлектеріміз Асқарқызы Айнұр, Арыстан Гүлдана, Берікқызы Әлия «Алтын белгі» иегерлері атанса, Қалдыбай Несібелі «Ерекше аттестатқа» ие болып, 13 түлегіміз мемлекеттік грантқа түсті. 1 оқушымыз 305 грант, 2 оқушымыз «Ерсай» грантын және 2 оқушымыз облыс әкімінің грантына ие болып, мектеп мәртебесін, ұстаздардың абыройын асқақ етті.