Саясат
Назарбаевтың айтқан мәселелеріне ұқсас болуы мүмкін
Бүгін, 2 қыркүйек күні, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауы өтпек.
Бұған пікір білдірген мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, қоғам бұл жолдауға үлкен үміт артып отыр.
- Маған да депутат ретінде, елдің азаматы әрі саясаткер, экономист ретінде де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың не айтатыны маңызды. Соған қарап, елдің саясаты мен экономасындағы стратегиялық басым бағыттары айқындалатын болады, - дейді Перуашев.
Оның ойынша, 21 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының Саяси бюро отырысында болған мәселелерге, атап айтқанда, Қазақстанның саяси жүйесін жетілдіруге қатысты көп ойлар айтылуы мүмкін.
Ал Тоқаевтың өзі жолдауда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату мәселесіне мән берілетінін айтқан болатын.
Sputnik Қазақстан