Саясат
"Достықта" да ақша мәселесі бар
Сирияның бай адамы және ел Президентінің немере ағасы Рами Махлуф Сирияда тұтқындалды. Оның активтері Ресейден азаматтық соғыс кезінде алған қарыздарын өтеу үшін тәркіленген, деп жазады британдық The Times газеті.
Оның қаражаттары ресми түрде жемқорлыққа қарсы күрес науқаны аясында бұғатталған. Бұл Махлуфтың 22 жастағы ұлы Мохаммедтің Instagram парақшасында, отбасының ауқаттылығын көрсететін суреттерді жариялағаннан кейін басталған. Ағасы билікке келгеннен кейін өзінің бизнес-империясын салған Махлуф үш ұлымен, оның ішінде Мохаммедпен үй қамағына алынған.
Кейбір деректер бойынша, Башар Асад Ресей президенті Владимир Путин үш миллиард доллар қарызды қайтаруды талап еткеннен кейін, ағасын қамауға алуға мәжбүр болды, деп жазады басылым.