Спорт
Бірінші ауыр салмақ
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) бірінші ауыр салмақтағы рейтингтің жаңарған нұсқасын жариялады.
Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) «тұрақты» әлем чемпионы болып қайта жарияланды.
Еске салайық, бұдан бұрын Шүменов WBA-ден «демалыстағы чемпион» атағын алған еді, алайда енді бұрынғы мәртебесін қайта қалпына келтірді. Бейбіт Шүменов соңғы айқасын өткен жылы шілдеде өткізді: ол тоғызыншы раундта түрік Хизни Алтункаяны (31-3, 18 КО) мерзімінен бұрын жеңді. Бұл жеңіс Шүменовтың бос тұрған WBA «тұрақты» әлем чемпионы белбеуін қайтаруына мүмкіндік берді.