Саясат
Бүгін, 2 қыркүйек күні, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауы өтпек
Бұған қатысты пікір білдірген қазақстандық саясаткер Данияр Әшімбаев тұңғыш жолдау ұсынғалы отырған президент Тоқаев, негізінен, экономикалық және бюджеттік жоспарлау салаларына қатысты мәселелерге көбірек тоқталмақ деген пікірде.
- Меніңше, Тоқаев сайлауалды күн тәртібінде тұрған мәселелерге көбірек мән бермек. Оның сайлауалды бағдарламасында айтылған мәселелер көп. Ал саяси реформаларға қатысты көп нәрсе айта қоймас. Өйткені бұл мәселені ол Ұлттық сенім кеңесінде талқылауы мүмкін. Мүмкін, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару жайында сөз қозғайтын шығар, - дейді Әшімбаев.
Саясаткердің ойынша, Тоқаев экономикалық және әлеуметтік мәселелерге басымдық бермек.
- Тоқаевтың квазимемлекеттік секторға, кіші және орта бизнес, бюджеттік жоспарлауға қарсы айтқан сыны көп. Сондықтан экономикалық бастамаларға басымдық болары анық, - дейді саясаткер.