Саясат

Елдегі мәселелер көшеде емес, Парламентте шешілуі керек – Тоқаев

Депутаттар көпір болуы керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар өзінің заңды құқығын пайдаланып, Үкіметке өзекті мәселелер туралы сауал жолдап, одан нақты шараларды қабылдауды талап етуі керектігін айтты.

- Біріншіден, партиялы құрылым процесін жалғастыру керек. «Нұр Отан» партиясы біздің көшбасшымыз және оның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында күрделі әрі жауапты миссияны орындап келеді. Біз қоғам үшін пайдалы істерді тындырып жүрген басқа да саяси партиялар және қозғалыстармен серіктесуіміз керек. Біздің қоғамды мазалаған негізгі мәселелер көшелерде емес, азаматтық диалог аясында Парламентте шешілуі тиіс. Депутаттар өзінің заңды құқығын пайдаланып, Үкіметке өзекті мәселелер туралы сауал жолдап, одан нақты шараларды қабылдауды талап етуі керек, - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

ҚазАқпарат