Саясат
Ел күтіп отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған алғашқы жолдауынша ішкі істер органдарын реформалау қажеттігін айтты.
- Ең өзекті міндеттердің бірі құқық қорғау жүйесін толық реформалау саналады. Полицияның бет-бейнесі өзгереді. Бірінші кезеңде 2020 жылдың соңына дейін әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта құру қажет. Бұны сапалы түрде жүзеге асыру керек. Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жылда 173 миллиард теңге бағытталады. Бұл қаржы жалақыны өсіруге жұмсалады, - деді Тоқаев.