Саясат

Дариға Назарбаева өзінің орынбасарын тағайындады

Сенат спикерінің орынбасары тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сенат спикерінің орынбасары бұған дейін адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған

Асқар Шәкіров сенат төрағасының орынбасары болып сайланды.

Дариға Назарбаева күн тәртібіне сенат төрағасының орынбасарын сайлау туралы мәселені шығарды. Конституцияға сәйкес, сенат төрағасы орынбасарының кандидатурасын палата төрағасы ұсынады.

"Конституцияға сәйкес, маған берілген құқықты пайдалана отырып, сенат төрағасының орынбасары қызметіне депутат Асқар Оразалыұлы Шәкіровті ұсынамын. Асқар Шәкіровті өздеріңіз жақсы білесіздер. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері. Көп жылдар бойы әртүрлі саяси лауазымдарды абыроймен атқарып келеді", - деді Назарбаева сенаттың жалпы отырысында.

Шәкіров әр жылдары Қазақстан елшісі, сыртқы істер министрінің орынбасары, кеден комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болған. Заң ғылымының кандидаты, ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.

Сенат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдады.

Ал Шәкіровтің орнына  адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне  Эльвира Әзімова тағайындалды. Әзімованы бұл қызметке Қазақстан президенті ұсынған болатын. Сенаторлар Әзімованың кандидатурасын да бірауыздан қолдады.

Эльвира Әзімова туралы не білеміз?

Эльвира Әбілхасымқызы Әзімова 1973 жылы туған. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметін 1990-1991 жылдар аралығында Шымкентте Дзержинск АІІБ-нің кезекші операторы болып бастады.

1996-2013 жылдар аралығында әділет министрлігі жүйесінде лауазымды қызметтер атқарды. 2013 жылдан бері әділет министрінің орынбасары болып істеді.

sputniknews.kz