Hi-Tech

Францияның түнгі клубтарында би билейтін роботтар пайда болды

Қыркүйектен бастап «жұмысқа» кірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Францияның Нантте қаласындағы SC-Club атты түнгі клуб ағылшын дизайнерлері құрастырып берген биші роботтарды жұмысқа алды.

Аяғына биік өкше, басына үлкен бейнебақылау камерасын киген робот бишілерді ағылшын суретшісі Джайлз Уолкер ойлап тапқан. Ал роботтардың әсем сымбаты манекендерден кесіп жасалған. Роботтар сахнада тұрған сырықтарды ұстап билей алатын көрінеді.

Ал клубтың иесі әрі роботтарды құрастыруды қолға алған Лоран Рудың айтуынша, биші роботтарды жұмысқа алғанымен, қазір клубта өнер көрсетіп жүрген қыздарды жұмыстан шығармақ емес.

Ал Sky News басылымы пікір алған Лекси есімді клуб бишісі тірі адамдарды роботтар «бәрібір алмастыра» алмайды деген пікірде.

- Бидің иесі – адам. Оған робот бәсекелесе алмайды. Бұған мен сенімдімін, - дейді биші.