Hi-Tech

Шанхайда роботаксилер пайда болды

Apple компаниясы қаржыландырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шанхайда роботакисилер пайда болды.

Қытайдың Didi Chuxing атты компаниясы автономды таксилерді жаппай қолдана бастады. Бұған дейін Шанхай қаласының әкімшілігі бұл компанияға жүргізушісі жоқ, өзі жүретін көліктерді сынап көруге рұқсат берген болатын.

Ал тестілеу нәтижесі жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген.

Көліктің түрлері қандай?

Компанияның хабарлауынша, жүргізушісіз жүретін көліктердің саны – 30. Олардың төрт үлгісі бар. Соған қарай, такси шақырған клиент төрт үлгінің біреуін таңдап, қалаған жеріне жете алады.

Қалай пайдалану керек?

Клиент бұл таксилерді шақыру үшін Didi қосымшасын қолдануы керек. Компания басында жол ақысын тегін етуді ойлап отыр.

Ал компанияға бұл таксилерді құрастырып шығуға 2016 жылы Apple компаниясы қаржы бөлген. Қаржының көлемі – 1 млрд доллар. Соған қарағанда, автономды такси «Алма» компаниясын қатты қызықтырған көрінеді.